Грузиядағы көшкін: 35 адам жоғалып, екі адам қайтыс болды

563

Құтқарушылар жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыруда. 

Грузиядағы көшкін: 35 адам жоғалып, екі адам қайтыс болды Фото: newsgeorgia.ge

Грузияда қазір құтқарушылар Шови тау курортының аумағында бейсенбіде түскен көшкін салдарынан жоғалған 35 адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік даму және инфрақұрылым министрі Ираклий Карселадзе айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасай отырып.

"Апат аймағынан 200-ден астам адам тікұшақтармен шығарылды. Байланысқа шықпаған адамдар саны 35. Оларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

Грузия ІІМ Төтенше жағдайларды басқару қызметінің басшысы Теймураз Мгебришвили журналистерге құтқарушылар мен кинологтар жоғалған адамдарды іздеуді жалғастырып жатқанын айтты. Ол көшкін демалушылар тұратын өзен арнасында орналасқан коттедждерді қиратқанын хабарлады.

"Әзірге біз бұл жерге жақындай алмадық, өйткені құтқарушылардың жиналған батпақтан өтуі мүмкін емес болып тұр, бірақ ауыр техника іске қосылды", - деді Мгебришвили.

ІІМ мәліметінше, көшкіннің астында екі адам қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу