Грузиядағы парламенттік сайлау: оппозиция сайлауға қатысудан бас тартты

606

Грузияның он жеті мажоритарлық округінде сенбі күні өткен парламенттік сайлаудың екінші кезеңінде билік партиясының кандидаттары жеңіске жетті. 

Грузиядағы парламенттік сайлау: оппозиция сайлауға қатысудан бас тартты

ВВС мәліметінше, оппозиция өкілдері сайлау науқанының екінші айналымына қатысудан бас тартып, өз жақтастарын оған қатыспауға шақырды. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметтері бойынша екінші турға сайлаушылардың 26,29% қатысты. Бұл 2016 жылы өткен сайлаулардың екінші кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ол кезде сайлауға халықтың 37,5% келген болатын.

"Екінші турға ең аз қатысқан Тбилиси тұрғындары болды. Үміткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жету үшін қажетті абсолютті көпшілік дауысты ала алмаған. Сол себепті Грузия астанасында екінші тур барлық сегіз округте өтіп, 22%-дан аз тіркелген сайлаушы дауыс беруге келген. Ал Грузияның шығысындағы Кахетияда ең белсенді дауыс беру өтті. Ол өңірде сайлауға халықтың 33,7%-ы қатысты", – дейді ақпарат агенттігі. 

Сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдерде әр округтен екі кандидат жазылған. Алайда оппозиция өкілері тізімде тек формалды түрде ғана болған. Өйткені олар бірінші турдың нәтижесіне келіспегендіктен, сайлауға қатысудан бас тартқан.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу