Грузиядағы Шови курортындағы апат: қаза тапқандар саны қайтадан өсті

496

Бұл туралы ел ІІМ Төтенше жағдайлар басқармасында хабарлады.  

Грузиядағы Шови курортындағы апат: қаза тапқандар саны қайтадан өсті Фото: newsgeorgia.ge

Көшкін құрбандарының саны 31-ге дейін өсті (бұрын 26 адам туралы хабарланған), деп хабарлайды inbusiness.kz Rustavi сайтына сілтеме жасап.

Грузия ІІМ Төтенше жағдайларды басқару қызметінің басшысы Темур Мгебришвили: "апаттың ошағынан 40 шақырым қашықтықта, Сори ауылының маңында ер адамның денесі табылды", — деді.

Ол оған қоса жасөспірімнің денесін тапқанын айтты.

Ведомство басшысы іздеу жұмыстары "қаза тапқандардың денесін табуға деген үміт таусылғанша" жалғасатынын атап өтті. Қазір екі адам хабар-ошарсыз кетті деп саналады.

Бұған дейін көшкін 3 тамызда түстен кейін түсіп, Рача таулы аймағындағы грузин Шови курортын басып кеткені туралы хабарланған болатын. Грузия билігі 7 тамызды қайтыс болғандарға аза тұту күні деп жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу