Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды

102

Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілді. 

Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды Фото: gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы – қыз бала елге қайтарылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды. Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетілуде. Сондай-ақ, бүгінде баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылуда.

Баланың құқықтарын, қауіпсіздігін және жеке өмірінің құпиялығын қорғау мақсатында оның дербес деректері мен оқиғаға қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, әрбір баланың құқығы мен заңды мүддесі ел ішінде де, шетелде де мемлекеттің қорғауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу