Грузия соңғы 9 айда ірімшік пен сүзбе экспортын едәуір ұлғайтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5% көп. Экспорт көлемі тоннамен есептегенде 41,1% өсіп, 175 тоннаға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Business Mediа басылымына сілтеме жасап.
Сыр мен сүзбе экспортының негізгі бөлігі – 75%-дан астамы – Қазақстанға тиесілі. Біздің елге 141 тонна өнім, жалпы құны 984 мың доллар болған тауар жеткізілді.
Сонымен қатар грузин сүт өнімдері АҚШ, БАӘ, Армения және Канадаға да экспортталды.
Бұған қоса, елге сүт өнімдерінің импорты да артқан: өткен жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсті.
Қыркүйек айында Грузия экспортының рекордтық өсімі тіркеліп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 43,8%-ға артқан. Жалпы алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 2025 жылдың тоғыз айында 9,1%-ға көбейген.