Грузияның Еуропалық Одаққа кіруі тоқтатылды – елші

815

Оған бұған дейін осы елде қабылданған Шетелдік агенттер туралы заң себеп болған.

Грузияның Еуропалық Одаққа кіруі тоқтатылды – елші Фото: rupor.md

ЕО-ның Грузиядағы елшісі Павел Герчинский ЕО елдерінің басшылары Грузияның ЕО-ға кіру процесін тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өкінішті, бірақ ЕО елдерінің басшылары Грузияның ЕО-ға кіру процесін тоқтатуға келісті. Грузияның қазіргі Үкіметінің ниеті Еуропалық одақ көшбасшылары үшін түсініксіз", - деді Тбилисидегі журналистерге елші.

Оның айтуынша, Грузияда күшіне енген шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы заң Еурокомиссияның ЕО-ға кіруі үшін Грузия билігіне ұсынған "тоғыз қадамға қарама-қайшы әрекет".

"Сондай-ақ Батысқа қарсы, Еуропаға қарсы риторика Еуропалық одаққа кірудің мәлімделген мақсатына мүлдем сәйкес келмейді. Өкінішке орай, қазіргі уақытта Грузияның Еуропалық одаққа кіруі тоқтатылды. Бұл шынымен өкінішті жайт", - деді елші.

Герчинский "қазан айындағы сайлаудан кейін жаңадан құрылған Үкімет, бұл үкімет кім құрса да, қайтадан Еуропалық Одаққа кіру үшін маңызды жұмысты бастайды" деген үмітін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу