Грузияның Қазақстан алдындағы қарызы қайта есептелді

1069

Грузияның Қазақстан алдындағы қарызы қайта есептелді

Бүгін палатаның кезекті жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының алдындағы Грузия үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.

"Грузия үкіметінің Қазақстан үкіметінің алдындағы қарызы $27 млн 774 мыңды құрайды. Ол 1992-1993 жылдары екі тараптың ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде анықталды және мемлекеттік несие ретінде қайта рәсімделді", - дейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Қайтадан қайта құрылымдау келісімі бойынша грузин тарабы үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 4 пайыздық деңгейде сақталады, берешекті өтеу кестесі мерзімін өткізгені үшін өсімпұл есепке алынбайды және Париж клубы ұсынысына сай ұзартылады.

Осылайша, 2017-2025 жылдардағы Грузияның төлемдер сомасы 37 млн 997 мың 815 АҚШ долларын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу