Әлеуметтік желіде Гуанчжоу – Алматы рейсінде бір жолаушының қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмғанын жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу