Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласында жүк кемесі көпірге соғылып, нысанның бір бөлігін жұлып әкетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 22 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 05:30-да қаланың Наньша ауданында болған.
Салдарынан бірнеше көліктің суға құлағаны белгілі болды. Олардың саны нақтылануда. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу