Осылай деп дабыл қаққан соңғысының өкілдері еліміздің бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шағым түсірген. Даудың басталуына Андройд платформалы ұялы телефондарын ұстайтындар арасында арнайы қосымшалардың тең бөлінбеуі себеп болыпты. Яндекстегідердің пікірінше, Гугл өзі жасап шығарған жүйелерінің сатылымын арттыру үшін тым көп жеңілдік ұсынып, нарықта басымдық тудыратындай жағдай жасаған. Ал бұл өз кезегінде басқа ұйымдардың қазақстандық аудиторияға қол жеткізуіне мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Ал бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі біздің арнаның тілшілері жолдаған сауалға бұл мәселені шешуге біздің құзыретіміз жетпеуі мүмкін деп жауап берді.