"Гүл жібереміз": Ақтөбелік бойжеткен алаяқтарға 7,5 млн теңгесін аударып жіберген

345

Бейтаныс адам өзін гүл жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған.    

"Гүл жібереміз": Ақтөбелік бойжеткен алаяқтарға 7,5 млн теңгесін аударып жіберген

Мерекелік күндердің қарсаңында интернет-алаяқтар түрлі алдау схемаларын белсенді қолданып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбелік 26 жастағы бойжеткенге WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау түскен.

Тапсырысты растау сылтауымен алаяқ оның телефонына келген кодты айтып беруін сұраған. Еш күмәнданбаған жәбірленуші келген сандар комбинациясын айтып қойған.

Біраз уақыттан кейін бойжеткенге қайтадан қоңырау шалынған. Бұл жолы белгісіз адам өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, бұған дейін айтылған код алаяқтардың қолына түскенін және оның атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлаған.

"Қаражатты сақтап қалу" үшін алаяқ жәбірленушіні шұғыл түрде ақшасын "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген. Алаяқтарға сеніп, олардың нұсқауын орындаған қыз 7,5 миллион теңгені аударып жіберген.

Аталған факті бойынша күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу