Гүленге қатысты 189 заңгерді қамауға ордер берілді

739

Гүленге қатысты 189 заңгерді қамауға ордер берілді

Түркия билігі Фетхуллах Гүленмен байланыс орнатқан деген күдікпен 189 заңгерді қамау туралы ордер берді, деп хабарлайды kazislam.kz.

Айта кетсек, ресми Анкара белгілі дін уағызшысы Ф.Гүленді 2016 жылдың шілде айында елде орын алған мемлекеттік билікті басып алу әрекетінің басты ұйымдастырушысы деп таныған. Қазіргі күнге дейін әскери төңкеріс зерттелу үстінде. Таяуда республиканың сегіз провинциясында антитеррористік рейд жүргізілді. Оның барысында 80-ге жуық адам ұсталды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, осынша адамның қамауға алынуының басты себебі аталған азаматтар өз смартфондарына ByLock хат алмасу қосымшасын жүктеген. Ал дәл осы қосымшаны мемлекеттік төңкеріс жасаушылар қолданған көрінеді.  

Еске сала кетсек, өткен жылы болған бүлік салдарынан 248 адам көз жұмған, 2700-ден аса адам зардап шеккен. Осы оқиғадан кейін он мыңдаған құқыққорғау органы, арнайы жасақ, сот, әскер және білім саласының қызметкері жұмыстан қуылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу