Гүлмира Дайрабаеваның баласы директор атанды

12418

Аrchibalt лақапатымен танымал блогер Артур Асқарұлы Қазақстан футбол лигасының креатив директоры атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Гүлмира Дайрабаеваның баласы директор атанды Фото: canva.com

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Үлкен жауапкершілік, шаруа көп. Менің міндетім - спортты танымал ету. Анам мен бауырларым Астанада тұрады, енді оларға жиі барып тұрамын. Бейресми ақпаратты бөлісейін, жақында Алматыдан филиал ашылуы мүмкін, әзірге жоспарда тұр. Бір қызығы, футболға деген қызығушылықты әкем емес, анам ашты. 4 жаста анам ойынды түсіндіріп берді", - деді блогер. 

Сондай-ақ, ол танымалдарды футбол амбассадоры ету тенденциясы алып тасталғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу