Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылды

Сенат отырысында қайтыс болған депутат Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылды Фото: Astana TV

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Гүлмира Кәрімованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. 

"Конституцияның 52-бабының 5-тармағына сәйкес, Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі тоқтатылады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетсек, жуырда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды. Ол қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты атанды. ОСК Кәрімованы 25 қаңтарда сенатор ретінде тіркеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу