Мен оларды достарым деп санағам – Гүлмира Сатыбалды

828

Ол Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебековті ақтауды сұрады. 

Мен оларды достарым деп санағам – Гүлмира Сатыбалды Фото: inbusiness.kz

"Мен айыптаумен келіспеймін. Менің іс-әрекетімде Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігінде көзделген өздігінен басқару қылмыстық құрамы жоқ деп санаймын. Бастапқыда БАҚ оқиғаны біржақты, бұрмаланған түрде жариялады. Кезінде маған жақын болған және құрмет көрсеткен адамдардың сот процесінде жалған ақпарат беріп жатқанына таң қалдым. Бұған дейін айтқанымдай, Алагөзов заңсыз түрде жәбірленуші болып отыр. Өйткені, ол акциялардың иесі емес. Мен Т. Алагөзовпен және оның әйелі Баянмен ұсталғанға дейін жақын қарым-қатынаста болдым. Олар менің үйімде қонақта болды. Мұның бәрі мен қамауға алынғанға дейін болды. Мен оларды достарым деп санағам", - деді Гүлмира Сатыбалды сотта.

Сотталушы "күш қолданып, компанияны тартып алды" деп тағылған айыпты да мойындамайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Маған "компанияны тартып алды және моральдық күш көрсетті" деген айып тағылып отыр. Мен компанияны қалай тартып алғам, егер оны Рившанов пен Бердіқұлов басқарып отырса? Компанияның акцилары да соларға тиесілі. Компания акциялары Алагөзовке тиесілі деп ешкім айтқан емес. Сонымен қатар, прокурор мен Алагөзов мені Қазақстанның сот жүйесіне және құқық қорғау органдарына әкімшілік әрі саяси ықпал етті деп айыптады. Тағы да қайталаймын, менің Қайрат Сатыбалдымен ажырасқаныма 20 жылдан асты және ешқашан саяси ықпал еткен емеспін. Олай болса, мен әкімшілік және саяси ықпал еткен судьялардан, саяси қайраткерлерден де жауап алынсын", - дейді сотталушы.

Сондай-ақ, Гүлмира Сатыбалды іс бойынша әділ шешім шығаруды сұрады.

"Мен бұған дейін "өз бетінше басқару" бойынша кінәмді ішінара мойындадым. Бірақ, мен ешқашан Мекешеваны ұрлауға бұйрық берген емеспін. Сондай-ақ, соттан Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебековті ақтауды сұраймын. Олардың еш кінәсі жоқ. Сонымен қатар, соттан залалдың өтелуін ескере отырып, заңды және әділ шешім шығаруды сұраймын", - деп толықтырды Г. Сатыбалды.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады.

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу