Гүлмира Сатыбалды ісі: Алматы соты істі Астанаға ауыстырып, айыпталушыны қамауда қалдырды

596

Алматыда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы - Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды.

Гүлмира Сатыбалды ісі: Алматы соты істі Астанаға ауыстырып, айыпталушыны қамауда қалдырды Фото: baq.kz

Іс 2 эпизод бойынша қаралды. Алғашқысы  Сатыбалдының "Макси Ботлерс" компаниясын тартып алуы, екіншісі аталған компанияның бұрынғы басшысы Мекешованы ұрлауға қатысты. Айыпталушы тарап тергеудің Астанада аяқталғанын алға тартып, істі ел ордасына  ауыстыруды сұрады. Сот бұл шағымды қанағаттандырып, істі Астанадағы Байқоңыр-2 сотына жолдады. 

Ал, екінші шағым Сатыбалдының адвокаты қорғауындағы кісінің 10 айдан бері тергеу изоляторында отырғанын және денсаулығы нашарлағанын айтып, бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұрады. Алайда, сот кінәнің ауыр екенін алға тартып, бұл шағымды қанағаттандырмады. 

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды рейдерлік жасады деген күдікпен былтыр наурызда қамауға алынған. Антикордың дерегінше, оның келтірген қаржылай залалы 10,5 млрд теңгеге бағаланды. 

"Сотталылықты өзгертуге қатысты шағым қанағаттандырылды. Іс Астанадағы екінші Байқоңыр сотына жіберілетін болды", деді Алматы қаласы Алмалы сотының судьясы Ернар Қасымбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу