Гүлмира Сатыбалды мен оған сенімді адамдар қандай фактілер бойынша тергеліп жатыр

745

Тергеліп жатқандар қатарында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары да бар.

Гүлмира Сатыбалды мен оған сенімді адамдар қандай фактілер бойынша тергеліп жатыр

Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлады Антикордан.

"Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді", – деп жазылған хабарламада.

Хабарламаға сүйенсек, қазір Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады.

"Күдікті адамдар күзетпен ұсталуда. Тергеу жалғасуда", – дейді жемқорлыққа қарсы қызметтен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу