Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты

139

Сот айыптаушы тарап пен жәбірленушілердің сөзімен жалғасты. 

Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты Фото: видео скриншот

Гүлмира Сатыбалды сот отырысында денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөзін айтудан бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

28 тамызда Гүлмира Сатыбалды айыпталушы ретінде соңғы сөзін айтуы керек еді. 

Айта кетейік, ол 27 тамыздағы сот отырысына денсаулығына байланысты қатыса алмады. Оның мүддесін адвокат Әсемгүл Даниалова қорғап, Гүлмира Сатыбалдыны ақтауды сұраған болатын.

Бүгін, сәрсенбі күні Гүлмира Сатыбалды тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Бірақ сот отырысы басталмай тұрып судья Мәртпек Кәкімжановтан сот талқылауын оның қатысуынсыз өткізуді сұрады. Бірақ судья оған шыдамдық танытып, өз құқығын қорғауды және қолдануды сұрады. Десе де айыпталушы өзін өте нашар сезініп, процеске қатыса алмайтынын айтты. Ол да соңғы сөзді айтудан бас тартты.

"Сіз адвокаттарыңызды толық қолдайтыныңызды сот өзі түсінді. Сондықтан "Сот денсаулық жағдайыңызға байланысты босатып жатыр, бара беріңіз", – деді судья Кәкімжанов.

Сот жәбірленушінің мәлімдемелеріне көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу