Гүлмира Сатыбалды мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

1319

Ол бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікті. 

Гүлмира Сатыбалды мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдаға қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде".

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу