Гүлшара Әбдіқалықова Армения елшісімен кездесті

536

Гүлшара Әбдіқалықова Гагик Галачянды парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, жаңадан сайланған Армения парламентінің белсенді қызметі екі жақты серіктестіктің одан әрі нығая түсуіне оң ықпал ететініне сенім білдірді.

 Гүлшара Әбдіқалықова Армения елшісімен кездесті

ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Армения Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Арменияны тарихи және мәдени қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Елдеріміздің өзара жемісті ынтымақтастығы Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясында жүзеге асып келеді.

Гүлшара Әбдіқалықова Гагик Галачянды парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, жаңадан сайланған Армения парламентінің белсенді қызметі екі жақты серіктестіктің одан әрі нығая түсуіне оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Гүлшара Әбдіқалықова екі елдің еуразиялық интеграция аясындағы өзара ықпалдастығы экономикалық байланыстарды дамытуға септігін тигізетінін айтты. 2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 10,4 миллион долларға жетіп, 19,5 пайызға өсті (экспорт – 4,9 млн доллар, импорт – 5,5 млн доллар).

"Қазақстан мен Армения қарым-қатынастарында біздің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыздың маңызы зор. Мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар тұрақты өткізіліп, жастар және білім мекемелері арасында тығыз байланыс жолға қойылып келеді. Қазақстанда тұрып жатқан армян диаспорасы біздің мәдени-гуманитарлық қатынасымыздың дәнекері саналады", – деді мемлекеттік хатшы.

Кездесу соңында мемлекеттік хатшы Арменияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гагик Галачянға екіжақты өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу