Гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар Америкадан Қазақстанға жеткізілді

672

Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.⠀

Гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар Америкадан Қазақстанға жеткізілді Фото: видеодан алынған кадр

IT қауымдастық шетте қалмай, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек қолын созды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жағдай анықталғаннан кейін біз көмек көрсетуге себеп болатын барлық мүмкіндіктерді қарастырдық. Нәтижесінде ARC Drones дрон құрылғасының 3 данасын Америкадан Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдадық. ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын", — деп жазды ол. 

Министрдің айтуынша, ARC Drones — қазақстандық Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған американдық стартап. Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.⠀

"Осы дрондарды қолданып, біз құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіз қызметін күшейтеміз. Сонымен қатар, дрондарды су сынамаларын жинауға да қолдануға болады. Дрондарды шұғыл пайдалану жақын арада қажет болмайды және еліміздегі су тасқыны жағдайы қалыпқа келеді деп үміттенемін", - деді министр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу