Продюсер және композитор Максим Фадеев жаңа әннің жақын арада жарық көретінін айтты. "Salta" деп аталатын трек Салтанат Нүкенованың рухына арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ән 31 мамырда жарық көреді екен.
"Салта 31 мамыр. Оның ғұмыры жалғасын тапсын. Музыкада.", – деп жазды Максим Фадеев.
Марқұмның ағасы мен әпкесі туынды үшін алғыс айтты.
“Салта, Салта, үнсіздік айқайдан да қаттырақ” делінген әннің үзіндісінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу