Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, жеп хабарлайды Olympic.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол ширек финалда моңғолиялық Униболд Лхагважамцты иппон ұпайымен уақытынан бұрын жеңді.
Айта кетерлігі, Ғұаман Қырғызбаев ширек финалға дейін Дэвид Пулкрабек (Чехия) пен Мориц Плафкиден (Германия) айласын асырды.
Ерлер арасында дәл осы салмақта Мағжан Шамшадин жарысты сәтті жалғастырып келе жатыр. Ол алғашқы айналымда Артем Лесюкті (Украина), ширек финалдық жолдама үшін белдесуде Йорре Верстраетенді (Бельгия) ұтты.