Ғұсман Қырғызбаев GRAND SLAM турнирінің финалында күреседі

1491

Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев финалға жолдама алды.  

Ғұсман Қырғызбаев GRAND SLAM турнирінің финалында күреседі

60 келі салмақта сынға түскен Ғұсман өз тобында Оңтүстік Корея, Әзірбайжан және Бразилия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Яго Абуладзені жеңді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

 Екі спортшы жекпе-жектің негізгі уақытын тең аяқтағанымен, қосымша уақытта "ваззари" ұпайын еншілеген Қырғызбаев финалға өтті. 

Ақтық айқаста Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валид Хярмен белдеседі. 

Осы салмақта белдескен Елдос Сметов ширек финалда француз балуанына есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде ресейлік Роберт Мшивидобадзені ұтқан Елдос қола медаль үшін таласта тағы бір ресейлік спортшы Аго Аблуладзеге қарсы шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу