Израильдің Тель-Авив қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды деп inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды . 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман кіші финалда украиналық Артем Лесюкпен кездесіп, "ваззари" ұпайымен жеңіске жетті.
Тель-Авив татамиіндегі доданы Қырғызбаев екінші айналымнан бастаған болатын. Алдымен бразилиялық Аллан Кувабараны ұтқан ол кейін әзірбайжандық Давуд Маммадсойға есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсті.
Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев отандық дзюдошылардың жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр.