Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан рейтингілік әлемдік Гран При кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың бірінші күнінде ерлер 60 және 66 келіге дейінгі, әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақта белдесуде.
60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Ғұсман Қырғызбаев жарыстың үшінші айналымында жеңіліс тапты. Додаға екінші айналымнан қосылып, алғашқы қарсыласы Давлатали Назаралиевті (Тәжікстан) ұтқан болатын. Одан кейінгі қарсыласы Никоель Фокадан (Молдова) жеңіліп қалды.
Әйелдер арасында Ақмарал Науатбек жапониялық Нацуми Цунодадан бірінші кездесуінде жеңілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу