Гутерриш мырза "біздің әлем соғыс, қақтығыстар, төтенше гуманитарлық жағдайлар, экологиялық дағдарыстар, аштық пен кедейлікке толы" екенін айтты.
Оның айтуынша, діни айырмашылықтарға негізделген жеккөрушілік сөздер мен дискриминация таралып жатыр.
"Діни жетекшілерден өз қауымдастықтары арасындағы зорлық-зомбылықты емес, ксенофобияны, нәсілшілдікті, толеранттылықты бұзудың барлық нормаларын қабылдамауды сұраймын. Біз өз заманымыздың сынақтарына төтеп бере аламыз және бір отбасы ретінде бірігіп, ауыртпалықты бөліп, мәселелерді шешіп, мүмкіндіктерді қолдана отырып, барлығына жақсы әлем құра аламыз", – деді ол.
Жасын Қалибек