Гутерриш Украинада бітімге келу әзірге мүмкін еместігін жариялады

831

Бұған дейін Лавров Гутерриш Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін жіберіп алды деп мәлімдеме жасаған болатын.

Гутерриш Украинада бітімге келу әзірге мүмкін еместігін жариялады

Қазіргі уақытта Украинадағы қақтығыс тараптарының бітімге келуі мүмкін емес. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта Украинада мәмілеге келу мүмкіндігі байқалмайды", – деді Бас хатшы. 

Гутерриш гуманитарлық көмек көрсетуге және бейбіт тұрғындарды соғыс аймақтарынан эвакуациялау мәселесіне назар аударуға шақырды. Бас хатшы ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарықтарға қайтару жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, кейбір өңірлерде аштықты болдырмауға көмектеседі деген пікірде. 

Бұған дейін Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Гутерриш Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін жіберіп алды деп мәлімдеме жасаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу