Гуттериш жаңа штамдардың неліктен пайда болатынын айтты

747

Әлем халқының жартысынан көбі әлі де вакцинаның кем дегенде бір дозасын ектірген жоқ.

Гуттериш жаңа штамдардың неліктен пайда болатынын айтты Фото: reuters.com

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш әлемде коронавирусқа қарсы вакциналардың біркелкі бөлінбеуі, яғни бірқатар елде вакциналау қарқынының төмен болуы жаңа штамдардың пайда болуына және экономикалық құлдыраудың жалғасуына әкеліп соғады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйым басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

7 қазанда Гутерриш "Үлкен жиырмалықтың" (G20) елдерін 2021 жылдың соңына дейін барлық елдердегі адамдардың 40%-ын вакциналау үшін 8 миллиард доллар бөлуге үндеген еді. 

Қыркүйек айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус дәл осындай ұсыныс жасады. Бұған дейін ДДСҰ әлемдегі вакциналық теңсіздіктің күшейіп жатқанын айтып, COVID-19 дертіне қарсы бустерлік вакцинаны егу процесі препарат қол жетімділігінің біркелкі болмауына себеп болатынын алға тартты. 

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның 6,65 миллиардтан астам дозасы ектірілді. Халықтың 36,4%-ы толықтай препаратты қабылдады. Бірақ халықтың жартысынан көбі әлі де вакцинаның кем дегенде бір дозасын ектірген жоқ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу