Гузалия Ғафурова Азия ойындарының алтынына таласады

841

Финалда қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады. 

Гузалия Ғафурова Азия ойындарының алтынына таласады

Бүгін Джакартадағы жазғы Азия ойындарында каратешілер сайысы жалғасуда. 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай  финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті. 

Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу