Қорғаныс министрлігі Гвардейск гарнизондағы офицер өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өз-өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес және туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жарияланбайды", – деді министрлік өкілі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        