Гвардейск гарнизонында 52 отбасыға пәтер берілді

531

Жаңа жыл қарсаңында Қорғаныс министрлігіне қарасты Гвардейск қала типтес кентіндегі күрделі жөндеуден өткен 52 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.  

Гвардейск гарнизонында 52 отбасыға пәтер берілді Фото: gov.kz

Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскери қызметшілердің отбасыларына пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті, деп жазады inbusiness.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоныстой иелерін құттықтауға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Ержан Мейірманов, ҚРҚК Әскери инфрақұрылым бас басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы запастағы полковник Бағыт Керімбаев, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген "Еділ-Жайық" ЖШС-нің басшылығы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу