Гватемалада су тасқынынан кемі 6 адам опат болды

449

Жыл басынан бері су тасқынынан 29 адам қаза тапқан.

Гватемалада су тасқынынан кемі 6 адам опат болды Фото: dw.com

Гватемалада жауын соңы су тасқынына ұласты. Жергілікті өзен арнасынан асып, тұрғын үйлерді қиратты. Соның салдарынан 6 адам опат болып, тағы 13 тұрғын хабар-ошарсыз кетті.

Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елдегі Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің хабарлауынша, жыл басынан бері су тасқынынан 29 адам опат болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу