"Дән" солшыл-центристік қозғалысының өкілі хаттамалардың 96% өңдеу қорытындысы бойынша 59% дауыс жинады. Оның қарсыласы, Гватемаланың бұрынғы бірінші ханымы Сандра Торреске сайлаушылардың тек 36% дауыс берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
"Жаңа көшбасшы билікке зорлық-зомбылық пен азық-түлік тапшылығы елді дүр сілкіндіріп, көші-қонның жаңа толқынына себепші болған қиын кезеңде келіп отыр", - деп атап өтті басылым.
Сайлаудың соңғы нәтижелері бірнеше күннен кейін шығады, инаугурация 2024 жылдың 14 қаңтарында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары сайлаудың алдын-ала нәтижелерін жариялағаннан кейін, Аревалоның кейбір жақтастары мерекені тойлау үшін көшеге шықты. Көптеген гватемалалықтар Аревалоның жеңісі ел үшін жақсы болашақтың жаршысы болады деп үміттенді.