Гватемалада 6 адам Фуэго жанартауы салдарынан көз жұмды, 20-сы ауыр жарақат алған. Қазір қаладағы әуежай жұмысын тоқтатты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Atameken Business.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, жанартау жыл бойы атқылап, халықтың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Биіктігі 3 километр, 700 метр болатын тау, ел астанасының оңтүстік батысында 40 шақырым қашықтықта орналасқан.
"Қазір барлық халықаралық ұйымдармен байланысып, Гватемалада жүрген азаматтар туралы хабар берудеміз. Жедел жәрдем беруге кіріскен елдерге алғысымыз шексіз. Табиғи апат бір жылға дейін созылады", - дейді Гватемала әкімшілігінің жетекшісі Джимми Моралес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу