Жексенбі күні басталған Гватемаладағы Фуэго жанартауының атқылауынан 99 адам көз жұмды, 200-ге жуығы із-түссіз кеттті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Кеше жанартау күшіне мініп, құтқарушылар жұмысын уақытша тоқтатты. Жанартаудың өзегінен атқылаған күл 4,5 км биіктікке дейін жетуде.
Сарапшылар жаңбыр жауса сел жүріп, беткейлерде жиналған вулкандық балшықтардың көшкінін туғызуы мүмкін деп ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу