Бұған дейін 100-ден астам адамның өмірін қиған Гватемаладағы Фуэго жанартауы қайта оянды. Бұл туралы орталықамерикалық мемлекеттің ұлттық сейсмология институтының мәліметтеріне сілтеме жасап Prensa Libre хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап өтілгендей, мамандар жанартаудың кратеріндегі жарылыстарды тіркеген. Ал газ бен ыстық күл 5 км биіктікке дейін атқылауда.
Сарапшылар күлдің жанартауға жақын орналасқан елдімекендерге, соның ішінде елдің бұрынғы астанасы Антигуаға да түсуі мүмкін дейді.
Бұған дейін қаза тапқандар саны 100-ден асып, 200 адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Гватемалада Фуэго жанартауы 3 маусым күні атқылай бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу