Гватемалада жер сілкінді. Күші 6,9 балды құраған зілзала Мексикамен шекаралас аймақта болған, Апаттан бес адам қаза тауып, 7 кісі жарақат алды. Елдің бірнеше штатында электр желілері үзіліп, жұрт жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24.kz.
Жер сілкінісінен Гватемалада 40-тан аса үй қираған. Көршілес Мексиканың Чьяпас штатында да ғимараттарға зақым келді. Тынық мұхитындағы цунамиді ескерту орталығының мамандары: "Зілзаладан толқын соғу қаупі жоқ", – дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу