Қазақстан Гвинея-Бисауға спутниктерімізді сатып алуды ұсынбақ

185

Моңғолия, Конго, Қырғыз Республикасы тарапынан Қазақстан спутниктерін экспорттауға қызығушылық бар.

Қазақстан Гвинея-Бисауға спутниктерімізді сатып алуды ұсынбақ Фото: Үкімет

Қазақстан спутнигін импорттауға қызығушылық танытқан елдердің қатарын Гвинея-Бисау толықтыруы мүмкін. Бұл туралы Ақордада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Цифрлық даму министрлігі мен Гвинея-Бисаудың Көлік және цифрлық даму министрлігі ІТ саласын бірге дамыту туралы меморандумға қол қояды. Сонымен қатар Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоның "Қазақстан ғарыш сапары" компаниясында кездесуі өтеді. Спутниктерді құрастыру кешенін көрсетеміз. Оларға Қазақстанның спутниктерін импорттауды ұсынамыз. Осындай келісімшартқа шығуға тырысамыз", – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу