Гвинея президентін тұтқындаған бүлікшілер мәлімдеме жасады

626

5 қыркүйекте әскери топ Гвинеяның қазіргі Президенті 83 жастағы Альфа Кондені қамауға алған еді. 

Гвинея президентін тұтқындаған бүлікшілер мәлімдеме жасады Фото: reuters.com

Қыркүйек айының басында Гвинеяның 83 жастағы президенті Альфа Кондені тұтқындаған бүлікшілер елдегі ұлттық және жергілікті сайлауға қатыса алмайтындарын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар олар өтпелі кезең туралы хартияның енгізілгенін жариялады. Құжатта олардың көшбасшысы,яғни полковник Мамади Думбуяға өтпелі кезеңде президент қызметін атқаратыны берілетіні жазылған.

Бұл кезеңде елді президент, үкімет және 81 мүшеден тұратын ұлттық өтпелі кеңес басқарады. Сондай-ақ Гвинеяның жаңа конституциясы референдум нәтижесі бойынша қабылданады

5 қыркүйекте әскери топ Гвинеяның қазіргі Президенті 83 жастағы Альфа Кондені тұтқындап, билікті басып алғанын жариялады. Көтерілісшілердің жетекшісі полковник Мамади Думбуя конституцияның тоқтатылғанын және парламент пен үкіметтің таратылғанын мәлімдеді. Ол көтеріліске шығуға лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлығы мен  халықтың әлеуметтік жағдайының нашар болуы себеп болғанын алға тартты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу