Гвинеяда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақшы болған әскери көтерілісшілер бүкіл ел бойынша коменданттық сағат режимін енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап.
Шектеу шарасының қашан аяқталатыны жарияланбады.
Көтерілісшілердің айтуынша, әскерилер губернаторлар мен аймақ префектураларының басшылығын алмастырады. Олар министрлер мен бірқатар басшыны Гвинея астанасы Конакриге кездесуге шақырды.
5 қыркүйекте Гвинеяда төңкеріс жасалмақ болды. Көтерілісшілер ел президенті Альфа Кондені тұтқындады. Оны полковник Мамади Думбуя басқаратын арнайы күштер ұстап алды. Төңкеріс әрекеті кезінде Конденің зардап шекпегені белгілі болды. Қазір оның қай жерде екені белгісіз.
Табиғат Нұрболат