Гвинеяда емделмейтін безгектен қаза табу фактісі тіркелді

638

Марбург безгегі Эбола ауруына әкеліп соғатын вирустар тобына жатады. 

Гвинеяда емделмейтін безгектен қаза табу фактісі тіркелді

Гвинеяда Марбург геморрагиялық безгегінен қайтыс болудың алғашқы фактісі тіркелді,деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда бұл дерттің емі жоқ. 

Безгектің бұл түрі Гуэкуду провинциясында анықталған. Бірнеше жыл бұрын дәл осы аймақта Эбола геморрагиялық безгегі өршіген еді. Ресми дерек бойынша, Марбург безгегі Эбола ауруына әкеліп соғатын және сондай жолмен жұғатын вирустар тобына жатады. Бұған дейін бұл вирус Ангола, Конго, Кения, Оңтүстік Африка және Угандада табылған болатын.

Ақпан айында Гвинеяда 2016 жылдан бері алғаш рет Эбола ауруынан қаза табудың төрт фактісі тіркелді. Батыс Африкадағы Эбола індеті Гвинеяда 2014 жылдың ақпан айында басталды. Содан кейін ол Либерия, Сьерра-Леоне, Нигерия, Сенегал және Малиге таралды. Ауруға шалдыққандар Еуропаның бірқатар елінде және АҚШ-та тіркелді. Вирусты 30 мыңнан астам адам жұқтырып, оның 12 мыңнан астамы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу