Гвинеяда лай көшкіні тұрғын үйлерді басып қалды. 8 адам қаза тауып, 10-ға жуығы түрлі жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы аймақтағы толассыз жауған жауын-шашын көшкінге ұласып, қала маңындағы қоқыс үйіндісін халық қоныстанған жерге қарай шайып кеткен. Қазір апат болған жерде, яғни Конакри қаласында құтқару шаралары жүріп жатыр.
Айта кетейік, 20 тамыз күні Конго Демократиялық республикасында көшкін салдарынан 200 адам қиранды астында қалып, ажал құшқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу