Гвинеяда Түркия президентінің атындағы мешіт ашылды

222

Түркия президенті шараға онлайн қатысты.

Гвинеяда Түркия президентінің атындағы мешіт ашылды Фото: www.aa.com.tr

Гвинея астанасы Конакриде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған атындағы мешіт ашылды. Мешіттің іргетасы 2023 жылы қаланыпты, деп жазады inbusiness.kz сайты

Мешіттің ашылуына онлайн түрде қатысқан Түркия президенті Гвинея халқына шексіз алғысын білдірді.

– Бүгін біз мешітті ашып қана қоймай, жүректен жүрекке өтетін бауырластық көпірін орнаттық, – деді ол.

Айта кетейік, мешітте бір мезетте 2,1 мың адам намаз оқи алады екен. Аумағы да кең. 3,2 мың шаршы метр жерді иелеп жатыр.

Түркия мен Гвинея халықтарының досытқ символына айналған мешіттің сәулеті де ерекше көренеді.

– Осман мешіттерінің архитектурасынан біртұтас көлем мен ғимаратқа жапсарлас жабық галерея әсерін қамтитын бұл туындының көмегімен біз түрік-ислам дәстүрінің бай сәндік мотивтерін оның барлық үйлесімділігінде көрсетуге тырыстық, – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу