Гвинеяда жанармай қоймасындағы жарылыстан 100 адам зардап шекті

348

Жапа шеккендер орталық ауруханаға жеткізілді. 

Гвинеяда жанармай қоймасындағы жарылыстан 100 адам зардап шекті Фото: syfeed.com

Гвинея астанасы Конакридің орталығындағы жанармай қоймасында ірі жарылыс болып, салдарынан жоқ дегенде 100 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты https://www.africaguinee.com порталына сілтеме жасап.

Оқиға 18 желтоқсанға қараған түні үкіметтік ғимараттар орналасқан Каллум ауданында болған. Ақпаратқа сәйкес, жарылыстың себебі әлі анықталмады. Зардап шеккен тұрғындар ауруханаға жатқызылды.

Ел билігі мектептер мен жанармай құю бекеттерінің жабылатыны туралы мәлімдеді. Қорғаныс және қауіпсіздік күштерін қоспағанда, мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне, дәрігерлерге үйде болуға шақырды.

Өртті оқшаулау және салдарын азайту мақсатында қосымша ресурстар жіберіледі, деп атап өтті Гвинея үкіметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу