Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірін ғылымға арнаған адамдарды қолдаудың негізгі бағыттарын атады.
"Жетекші ғылыми орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлкеттік тапсырыс беру қажет. Сондай-ақ, докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керек. Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезінде негізінен стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар, Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы 3 жылға арналған бюджетінің жалпы құны 3 млрд теңге болады", – деді Мемлекет басшысы ҰҚСК отырысында.
Есжан Ботақара