Ғылым мен өнеркәсіп: Өзбекстан туризмнің жаңа түрлерін енгізуде

184

2025 жылғы 1 қазаннан бастап Самарқанд халықаралық әуежайында "Tourist map" интерактивті порталы іске қосылады. 

Ғылым мен өнеркәсіп: Өзбекстан туризмнің жаңа түрлерін енгізуде Фото: gazeta.uz

Өзбекстанның Туризм комитеті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде туризмнің жаңа түрлерінің енгізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инновациялар тізімі келесідей:

- [ ] өндіріс процестерімен танысуды көздейтін өнеркәсіптік туризм;

- [ ] алтын, кен және басқа да минералдық ресурстарды өндіру бойынша кен орындарындағы, шахталардағы және жұмыс істемейтін геологиялық объектілердегі технологиялық процестерді, оның ішінде қауіпсіз қашықтықтан тау жыныстарының жарылыстарын бақылауды, мамандармен әңгімелесуді және тау рельефтері бойынша экскурсияларды қамтитын геологиялық туризм;

- [ ] ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарына, зертханаларға, обсерваторияларға және планетарийлерге бару арқылы ғылым мен техниканың жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретін ғылыми туризм;

- [ ] әскери тарих пен қызметке байланысты орындарға, ескерткіштерге баруды, іс-шараларға қатысуды және әскери қызметшілердің өмірімен танысуды, сондай-ақ туристерге стендтік ату және атыс қаруынан ату бойынша ақылы қызметтер көрсетуді көздейтін әскери туризм (Кибрае қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Спорт кешені базасында, Ташкент облысы);

- [ ] елдің саяси өміріне, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, оның ішінде үкіметтік ғимараттар мен құрылыстардың тарихы мен қызметіне байланысты объектілерге баруды қамтитын мемлекеттік-басқарушылық туризм.

Бұл бастаманың мақсаты – республикада жергілікті және шетелдік туристер үшін қосымша мүмкіндіктер ашу, туристік әлеуеті жоғары өңірлерде туристік қызметтерді ұлғайту.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Самарқанд халықаралық әуежайында тестік режимде "Tourist map" интерактивті порталы іске қосылады, ол тұрғындар мен туристерді ішкі туризм инфрақұрылымы туралы хабардар етеді.

Портал келесі техникалық мүмкіндіктерге ие болады:

  • әуежайлар, теміржол мен автовокзалдар, тарихи, мәдени және ойын-сауық орындары, қоғамдық тамақтану пункттері, сондай-ақ оларға дейінгі маршруттар туралы ақпарат беру;
  • тұрғындар мен туристердің ұзақтығы мен қызығушылығына сүйене отырып, саяхат жоспарын жасауға және оны матрицалық штрих-код (QR коды)арқылы мобильді құрылғыға тасымалдау мүмкіндігі бар;
  • туристер көп келетін елдердің тілдерінде ақпарат беру және тиісті аймақтың карталарын көрсету.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу