Ғылым ордасында реставрация және консервация орталығы ашылды

619

Ғылыми орталықтың елімізде аналогы жоқ. Ол Германия, Италия, Ресей, Қытай, Жапония елдерінен жинақталған 65 заманауи құрал-жабдығымен қамтамасыз етілген.  

Ғылым ордасында реставрация және консервация орталығы ашылды Фото: ortcom.kz

Орталықтың ашылу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Орталық бес бөлімнен тұрады: химиялық лаборатория, реставрациялық бөлім, түптеу және карантин бөлімі, ғылыми-зерттеу, фотофиксация бөлімдері. Аталмыш бөлімдерде қағаз және өзге де материалдардың құрылымына, сия ерекшеліктеріне химиялық-микробиологиялық зерттеу жүргізу, кітаптар мен құжаттарды сақтауға арналған қышқылсыз картоннан жасалған микроклиматтық қораптарды жасау жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шарада министр Саясат Нұрбек орталықтың маңыздылығы мен ғылым саласына қосар үлесін атап өтті.

"Кез-келген дамыған қоғамның басым бағыттарының бірі – білімді сақтап қалу. Бүгін Қазақстанда бірінші рет толық циклды, яғни кітапты өңдеп, тазалап, бес деңгейден өткізіп, мұқабасына дейін жасап шығаратын орталық ашылып отыр. Бұл орталықтың ғылым-білім саласына қосар үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда кадр дайындау мәселелерін де қарастырып жатырмыз", - деді министр өз сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу