Ғылым саласын қаржыландыру деңгейі төмен – Саясат Нұрбек

337

Мәжілісте "Ғылым және технологиялық саясат туралы" және оған ілеспе заң жобалары қаралып жатыр.

Ғылым саласын қаржыландыру деңгейі төмен – Саясат Нұрбек Фото: informburo.kz

Қазақстанда ғылым, жоғары білім саласын қаржыландыру төмен деңгейде. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, қазіргі таңда жалпы ғылым, жоғары білім саласын қаржыландыру төмен деңгейде. Жақында шыққан әлем банкінің есебіне қарасақ, соңғы 30 жылда бүкіл орта деңгейдегі елдер ғылым, инновациялардың ішкі жалпы өніміндегі пайызын күрт өсіріп жіберді. Мәселен, Оңтүстік Кореяда 4,7 пайыз болса, біздің ЖІӨ 1 пайызға да жеткен жоқ. Мақсатымыз – қабылданған жеті жылдық тұжырымдамада 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті бір пайызға дейін өсіру. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының негізгі ұсынысы – ғылымыңызды өлтірмей, кемінде бір деңгейде сақтағыңыз келсе, ішкі жалпы өнімнен жыл сайын 1 пайыз бөліну керек", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, келесі мәселе ғылымға қомақты қаржы құюдың тиімділігі болып отыр.

"Мәселен, қаржыландыруды 3 есеге өсірдік дейік. Енді тиімділікті қалай өлшейміз? Мына заң жобасының ішінде арнайы әдістеме бар. Ол кез келген ғылыми жұмысты 9 деңгейге бөліп тастайды. Бірінші, үшінші деңгей іргелі ғылым, қолданбалы деп бөлінеді. (...) Былтыр Антикормен бірігіп 6 айлық зерттеу жүргіздік. Сыртқы жемқорлық қауіп-қатерлер деп аталады. Үлкен сараптамалық топ келді. Нәтижесінде арнайы жоспар қабылданды. 105 нақты шара көзделген. Оның ішінде бүкіл конкурстық рәсімдерді цифрлық форматқа көшіру блогы бар. 1-2 жылдың ішінде осы жоспардағы негізгі рекомендацияларды енгізетін боламыз", - деп толықтырды Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс қатары тағы бір депутатпен толыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу