2017-ші жылдың 10-11 қыркүйегінде Астанада өткізілетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті қарсаңында 9-шы қыркүйек күні ғылым және технологиялар салалары министрлерінің кездеседі, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Білім, ғылым және технологиялар салаларының 40-тан астам министрлері қатысатын басқосу барысында қорытынды құжаттың – "ИЫҰ ғылым, технология және инновация саласындағы 2026 жылға дейінгі бағдарламасының" жобасы бекітіледі деп жоспарлануда. Аталмыш құжатты ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында мемлекет басшылары қабылдайды.
ИЫҰ-ның ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы 2026-шы жылға дейінгі бағдарламасы әлемдегі Ислам елдерінің арасындағы екіжақтық және көп жақты серіктестікті нығайту жөніндегі негізгі құжаттардың бірі болмақ.